Агенттік Сатыбалдыға қатысты салық төлеуден жалтарғаны үшін тағы бір тергеуді жалғастыруда.
Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс бойынша басты сот отырысы 1 сәуірде өтетін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Қайрат Сатыбалдыға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) туралы іс түсті. Басты сот отырысы 1 сәуір күні сағат 10.00-ге белгіленген. Сот отырысы ашық форматта өтеді.
Бұл ақшаға Қайрат Сатыбалды әртүрлі мүлік сатып алды. Оның ішінде шетелде де ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банктік шоттарға орналастырды, - деді Антикор.
Агенттік Сатыбалдыға қатысты салық төлеуден жалтарғаны үшін тағы бір тергеуді жалғастыруда.