$ 494.87  520.65  4.91

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтар жиі қолданатын 6 тәсілді айтты (ВИДЕО)

Егер сізге таныс емес нөмірден қоңырау шалып, осы тектес сөздер айтса, онда әңгімені әрі қарай жалғастырмаңыз.

Ішкі істер министрлігі ресми сайтында интернет-алаяқтар жиі қолданатын 6 тәсілді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Егер сізге таныс емес нөмірден қоңырау шалып, осы тектес сөздер айтса, онда әңгімені әрі қарай жалғастырмаңыз. Интернет-алаяқтар көбіне осы 6 тәсілді жиі қолданады:

  • Сіздің ақшаңызды ұрлауға немесе басқа счетқа аударуға тырысқан күдікті әрекетті / операцияны байқадық
  • SMS-пен келген кодты айтып жіберіңіз
  • Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, бізге алаяқты ұстауға көмектесіңіз және ақпаратты ешкімге жарияламаңыз
  • Сіздің атыңыздан кредитке өтініш түсті
  • Ақшаңызды қауіпсіз, арнайы счетқа аударыңыз
  • Сіздің банк картаңыздың немесе SIM-картаңыздың уақыты бітуге таяп қалды
     

Сондай-ақ интернет-алаяқтар көбіне банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп танысады.

Полиция таныс емес нөмірден қоңырау шалғанда сақ болуды ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары