$ 443.37  474.49  4.83

Әлемнің 26 елінде қазақ күйі күмбірледі

Шетелдік радиостанцияларда қазақ күйлерін ротациялау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылды.

Фото: green-apple.kz
Фото: green-apple.kz

Наурыз мейрамы аясында бес құрлықта танымал қазақ күйлері күмбірледі. Күйші Құрманғазы, Дайрабай Ерназарұлы және Түркеш Қалқаұлының композицияларын 26 елдің радио тыңдаушылары тыңдамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тізімде Түркия, Иран, Болгария, Испания, Литва, Латвия, Венгрия, Хорватия, Польша, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Бразилия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Марокко, Эфиопия және Оңтүстік Африка радиостанциялары бар.

Шетелдік радиостанцияларда қазақ күйлерін ротациялау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылды.

Шетелдік радиостанцияларда ротациялау үшін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Көңілашар», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Серпер», «Дайрабайдың күйі» композициялары жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары