21.03.2024, 17:30

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтар жиі қолданатын 6 тәсілді айтты (ВИДЕО)

Егер сізге таныс емес нөмірден қоңырау шалып, осы тектес сөздер айтса, онда әңгімені әрі қарай жалғастырмаңыз.

Ішкі істер министрлігі ресми сайтында интернет-алаяқтар жиі қолданатын 6 тәсілді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Егер сізге таныс емес нөмірден қоңырау шалып, осы тектес сөздер айтса, онда әңгімені әрі қарай жалғастырмаңыз. Интернет-алаяқтар көбіне осы 6 тәсілді жиі қолданады:

Сіздің ақшаңызды ұрлауға немесе басқа счетқа аударуға тырысқан күдікті әрекетті / операцияны байқадық SMS-пен келген кодты айтып жіберіңіз Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, бізге алаяқты ұстауға көмектесіңіз және ақпаратты ешкімге жарияламаңыз Сіздің атыңыздан кредитке өтініш түсті Ақшаңызды қауіпсіз, арнайы счетқа аударыңыз Сіздің банк картаңыздың немесе SIM-картаңыздың уақыты бітуге таяп қалды  

Сондай-ақ интернет-алаяқтар көбіне банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп танысады.

Полиция таныс емес нөмірден қоңырау шалғанда сақ болуды ескертеді.