22.03.2024, 02:30

Қазақстан – Грекия матчында екінші тайм басталды

Фото: видеодан алынған кадр

Әзірге 1-тайм 4:0 есебімен Грекия командасының пайдасына аяқталды.

Грекия астанасы Афиныда «Айя-София» стадионында Ұлттар Лигасының С жолы бойынша плей-офф сатысы финалы өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің Ұлттық құрама командасы дәл қазір  қарсыласы Грекиямен тайталасып жатыр. Әзірге 1-тайм 4:0 есебімен Грекия командасының пайдасына аяқталды. Екінші тайм басталып,алаңға Әділет Садыбеков пен Рамазан Оразов шықты

Әлі де жеңістен үміттеніп, Ұлттық құрамаға сәттілік тілейміз.