Десе де, қазақстандық футболшылар дәл осылай Еуропа чемпионатына жақын болған емес.
Афинада футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Грекия мен Қазақстан арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесуде 0:5 есебімен қарсылас команда жеңіске жетті.
Ойынның 9-минутында Анастасиос Бакасетас пенальтиді дәл орындап, командасын алға шығарды.
15-минутта Димитрис Пелкас, 37-минутта Фотис Иоаннидис, 40-минутта Димитрис Курбелис есепті еселей түсті.
Екінші тайм аяқталар түста Александр Марочка автогол соғып, матч Қазақстан командасының ірі жеңілісімен аяқталды.
Десе де, қазақстандық футболшылар дәл осылай Еуропа чемпионатына жақын болған емес.