$ 443.44  480.51  4.88

Крокустағы қырғын: 11 адам ұсталды

Ұсталғандардың арасында 4 террорист те бар.

Фото: Sputnik / Сергей Бобылев
Фото: Sputnik / Сергей Бобылев

Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің бастығы 11 адамның ұсталғаны туралы баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұсталғандардың арасында 4 террорист те бар. Олар "Крокустағы" терактіге қатысқан.

Путинге тергеудің барысы туралы баяндама да тапсырылды. Қазіргі кезде сыбайластарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетері, Мәскеудегі "Крокус" орталығында болған теракт салдарынан 60-тан астам адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды. 

Қолында автоматы бар адамдар жолда кездескендердің барлығына оқ жаудырды. Әлеуметтік желіде атыс кезіндегі жан түршігерлік кадрлар жарияланды. Қауіпсіздік қызметкерлерінің қасында атыс қаруы болмаған және ешқандай қарсылық көрсете алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 7
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары