$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлікпен мұз астына түсіп кеткен

Бүгін таңертең Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

Фото: Павлодар облысы ТЖД
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Көлік жағадан шамамен 700-800 метр жердегі мұз ойығына құлап түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Екібастұздың ГРЭС-2 стансасы аумағында, "Шандықсор" жасанды су қоймасында болған. 1978 және 1976 жылғы екі ер адам балық аулауға шығып, жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткен.

22 наурыз күні сағат 20:33-те Екібастұз қаласы маңындағы "Шандықсор" су қоймасында екі адамның жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама тіркелді. Олар балық аулауға шыққан, жағадан шамамен 700-800 метр ұзағанда мұз ойылып, көлік су астына кеткен. Олардың Павлодар қаласынан келгендігі анықталды, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Бүгін таңертең Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Құтқарушылар балықшылардың мүрделерін судан алып шықты.

Төтенше жағдай қызметкерлері қазір мұз өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары