23.03.2024, 21:30

Астанада базар өртенді

Фото: Pixabay

Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамның 13 адамы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Астанада базар аумағынан тыс жердегі сауда контейнері өртенді. Оқиға бүгін 23 наурыз сағат 15.01-де Байқоңыр ауданындағы Жолымбет көшесінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz -ке сілтеме жасап.

Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 15.40-та жойылды. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамның 13 адамы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталуда.