24.03.2024, 12:30

Үкімет басшысы Астанадағы Ресей елшілігіне барды

Фото: t.me/KZgovernment

Ол Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: t.me/KZgovernment

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.