Ал бүгін, 24 наурызда Ресейде Жалпыұлттық аза тұту күні.
Ресей Федерациясы төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтеріне сәйкес "Крокус Сити холлдағы" теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. Ал бүгін, 24 наурызда Ресейде Жалпыұлттық аза тұту күні.