$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы кафе маңында топырақ көшкіні жүрді (ФОТО)

ТЖМ хабарлауынша, кафе әкімшілігіне көшкін жағдайы тұрақталғанша мекемені жабу ұсынылған. 

 

 

Фото: kazselezashita
Фото: kazselezashita

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы «Жайлау» этно-кафе маңында топырақ көшкені болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

23 наурызда Алматыдағы Медеу ауданында, топырақтың еріген сулармен батпаққа айналуы және жауын-шашын нәтижесінде этно-мейрамхана аумағында көлемі 107 текше метр топырақ көшкен. «Қазаселеқорғау» ММ ақпаратына сәйкес, топырақ мейрамхананың шаруашылық құрылымына жетті, бірақ қирау мен құрбандар жоқ, - делінген хабарламада.

ТЖМ хабарлауынша, кафе әкімшілігіне көшкін жағдайы тұрақталғанша мекемені жабу ұсынылған. Тау баурайы көшкін қауіпі бар санатқа жатқызылады және қайталап топырақ көшу қаупі бар. Бұл жағдайда төрт қабатты ғимараттарға қауіп төнеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары