$ 442.05  474.14  4.74

Бес боксшымыз Бакудегі турнирдің жартылай финалына өтті

Кешегі жарыс күнінде Қазақстан командасының төрт боксшысы қарсыластарға жол берді. 

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі жалғасуда. Қазіргі таңда Қазақстан сапынан бес боксшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтар болса, Баку шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Бекзат Таңатар (86 келі) және Сағындық Тоғамбай (92 келі) жеңіліссіз келеді. 

Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан командасының төрт боксшысы қарсыластарға жол берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары