Сапаровтың айтуынша, биыл жалпы әлем бойынша пияздың бағасы төмендеген.
Үкімет отырысындағы брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пияз экспортына сұраныс азайғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сапаровтың айтуынша, биыл жалпы әлем бойынша пияздың бағасы төмендеген.
"Бұрын мұндай болмаған. Пиязға келетін болсақ, шынында да алдыңғы жылдары баға қымбаттап кетіп, шаруашылықтар айналыса бастады. Жалпы әлемде оның бағасы төмен түсіп қалды. Өйткені экспорт та төмендеп қалды. Алдыңғы жылы 180 мың экспортқа жіберетін болсақ, биыл – 117 мың. Экспортымыз 70 мыңға төмендеп қалды. Ішкі сұраныс та азайды. Сондықтан баға төмендеп кетті. Оған қарамастан жұмыстар жалғасып жатыр. Сауда және интеграция, Көлік министрліктерімен бірге жұмыс істелінуде. Қазір бұл пияздың 160 мыңын сату керек. Грузия, Әзербайжанмен келісімшарт бар", - деді министр.
Еске сала кетейік, қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматы облысында пияз шіріп жатқанын әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.