$ 442.05  474.14  4.74

Ұлытауда 360 бас жылқы қырылғанына шенеуніктер кінәлі ме?

Министрдің айтуынша, Ұлытау облысына жем мен шөпке 1 млрд 400 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген.

 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ұлытау облысында қырылған жылқыға жалған есеп берген әкімдік пен малдың иесі кінәлі екенін айтты , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1 наурызда Ұлытау облысына бардық. Онда вице-министр, Ұлытау облысы мал шаруашылығы және ветеринарлық инспекция басқармасы басшысы жұмыстың қорытындысын шығарып жатыр. Ашығын айтқанда, ауа райының қолайсыздығына байланысты жылқылар қырылған.Біріншіден, күзде барлық өңір мал азығын 100 пайызға дайындадық деп есеп берген. Бұл мәселеге өңірдегі ауданы әкімі мен ауылдық округтің әкімі жауап береді, - деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Ұлытау облысына жем мен шөпке 1 млрд 400 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген.

Бұл қаржы мал азығын дайындауға жұмсалған. Өңірде бүгінде 360 бас жылқы қырылған. Олар қазір есепте тұр. Ұлытау облысында жұмыс жүргізіліп жатыр. Вице-министр сол жақта жүр. Ол нақты қырылған мал басын анықтап жатыр. Мұнда жауапкершілік тек әкімдікте есем, малдың иесінде де болуға тиіс. Біріншіден, оларды малды бағуға, мал азығын дайындауға жауап беруі керек. Егер оларда мал азығын дайындауда проблема болса, аудан әкімдігіне, ауыл әкімдігіне баруы керек еді. Олар шешім қабылдауы керек болған. Бәрі мал азығын 100 пайызға дайындадық деп есеп берген, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Сондай-ақ министр әлі 360 бас жылқының иесі табылмағанын айтты. Оның айтуынша, жылқылардың иесі малды арнайы базаға тіркемеген, сол себепті бұл жағдайдың орын алуына малдың иесі де жауапты деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары