$ 439.43  473.31  4.82

Бишімбаевтың сотынан онлайн трансляция жүргізілетін болды

Еске сала кетейік, Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу отырысы ертең, 27 наурызда өтеді. 

Фото: altyn-orda.kz
Фото: altyn-orda.kz

Азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен айыпталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн көрсетіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада.

Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

Еске сала кетейік, Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу отырысы ертең, 27 наурызда өтеді.

Алқабилердің қатысуымен сот өткізу Бишімбаев тарапының өтініші бойынша мақұлданды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  Сот шоу емес: Алқабилер соты Бишімбаевты ақтап шыға ала ма?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары