27.03.2024, 02:30

Абу-Даби қаласында жүрген Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосы тарады

Фото: ulysmedia.kz

Ол соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда Astana Club пікірсайыс алаңының отырысында көрінген еді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Абу-Дабидегі (БАӘ) студенттермен бірге түскен суреті әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-президент New York University Abu Dhabi университетіне барған. Бұл жайында студенттердің бірі әлеуметтік желіде бөлісті.

Ол соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда Astana Club пікірсайыс алаңының отырысында көрінген еді.