$ 494.87  520.65  4.91

Рыбакина Майамиде әлемнің 9-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Екі сағат 48 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Рыбакина 10 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Фото: instagram.com/wta/
Фото: instagram.com/wta/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен сынға түсті.

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. 
Бұл жолы бірінші партияда Елена 4:2 есебімен алға шыққанымен, Мария ізінше брейк жасады. Дегенмен қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Екінші сетте керісінше Саккари алға кетті – 3:1. Дегенмен Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 4:4. Содан кейін есеп 5:4 болып, қарсыласы доп бергенде, екі бірдей матчболды мүлт жіберді – 5:5. Тай-брейкте Саккари сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:3. Ақыры өзі доп бергенде, бесінші матчболын пайдаланды – 6:4.

Екі сағат 48 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Рыбакина 10 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Саккари 4 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен таласады. Ол ширек финалда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцевадан басым түсті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары