$ 494.87  520.65  4.91

Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Фото: ort.com
Фото: ort.com

Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары