$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаев ісі: алқабилер іріктеліп, келесі сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді.

Фото: архив
Фото: архив

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі жариялады.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді, – делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары