Каспий теңізінің солтүстігінде тұрған циклон жақын арадағы үш күнде ақырындап солтүстік-шығысқа қарай ауысатын болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр және Қазақстанның батыс облыстарында ауа температурасы 33...41º-тан 25...33º дейін төмендейді, деп хабарлайды «Қазгидромет»
Ал республиканың қалған аумақтарында әдеттегідей жоғары атомсфералық қысымның аясы әсер ететін болады, ол күндізгі температура 27-37º жауын-шашынсыз ыстық ауа-райының сақталуына ықпал етеді, Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында кей жерлерде 38...42º дейін жылы болады. Ол орташа көп жылдық мәннен 3...7º жылы.
11 тамызда солтүстік облыстарда кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жаууы және ыстықтың төмендеуі мүмкін.
Бүгін елордада көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы +31 +33 градусты көрсетеді, 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматыда да көшпелі бұлт шығады деп күтілуде, күн ашық болады, сынап бағанасы +33 + 35 градусқа дейін көтеріледі, 0-5 м/с жылдамдықпен жел соғады.