28.03.2024, 00:30

«Салтанаттың телефонын үйіне апаруды өтінгенімді мойындаймын» – Бишімбаевтың інісі

Фото: Zakon.kz

Судья сотталушыдан «Сізге тағылған айыптар бойынша өз кінәңізді мойындайсыз ба, жоқ па?» деп сұрады.

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов өзіне тағылған айыпқа қатысты жауап берді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті сот, мен шынымен де видеоны өшіруді өтінгенімді, сонымен қатар Салтанаттың телефонын үйіне апаруды өтінгенімді мойындаймын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Тек сол кезде мен Салтанаттың өліп бара жатқанын немесе өліп қалғанын білмедім, түсінбедім, - деді Бақытжан Байжанов.

Судья сотталушыдан «Сізге тағылған айыптар бойынша өз кінәңізді мойындайсыз ба, жоқ па?» деп сұрады.

«Қылмыс жасадым ба, білмеймін, - деп жауап берді Байжанов судьяға.

Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың өзі бұл іс бойынша кінәсін мойындамайтынын және өз оқиғасын айтып беруге мүмкіндік берілмегенін айтқан еді.

Келесі сот отырысы 29 наурыз сағат 10:00-ге белгіленді.