$ 494.87  520.65  4.91

«Ешқандай дәлел жоқ»: Бишімбаев сотта кінәсін мойындамады

Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 29 наурызы күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Фото: orda.kz/
Фото: orda.kz/

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Процесс ашық режимде өтті. БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке кабинет ұйымдастырылды.

Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы Соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді. Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды.

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.

Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 29 наурызы күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең алқабилер алқасын іріктеу рәсімі өтті. Сотқа келген 102 кандидаттың ішінен 12 алқаби (10 негізгі және 2 қосалқы) таңдалды.

Іріктеу алқабилер алқасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы заң шектеулеріне байланысты жабық сот отырысында өтті.

Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауында Қуандық Бишімбаев осы уақытқа дейін өзінің нұсқасын айтуға мүмкіндік берілмегенін айтып, кінәсін мойындамады.

 Осы уақытқа дейін өз нұсқамды айтатын мүмкіндігім болмады. Прокурор айтқанның көбі ойдан шығарылған, ешқандай дәлел жоқ. Қылмыстық кодекстің 109-бабы бойынша – менің тарапымнан мұндай қылмыстық әрекет ешқашан жасалған емес, айыпты толық мойындамаймын, - деді Бишімбаев сот отырысында.

Судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының ұстанымын сұрады.

Бұл бап бойынша да дәл сондай пікірдемін. Адамды аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқпын, – деді сотталушы Бишімбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары