28.03.2024, 11:20

Қостанай облысында үйлерді су басты: Адамдарды эвакуациялау үшін тікұшақ жұмылдырылды (ВИДЕО)

Фото: TobolInfо

150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар.

Қостанай облысында су басқан аймақтардан 150-ден астам тұрғын тікұшақ арқылы құтқарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.