$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қала орталығындағы саябақ мемлекет меншігіне қайтарылды

Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.

Фото: dynasty.kz
Фото: dynasty.kz

Алматы қаласының прокуратурасы көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 га жер телімін заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жекеменшік құқығын берген. Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары