$ 494.87  520.65  4.91

«Мен шешемін»: Досаев Алматыда парамен ұсталған аудан әкімі жайында айтты

Ақпан айында Алматының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары 14 млн теңге пара алғаны үшін 6 жылға сотталған болатын.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде парамен ұсталған әкімнің орынбасары жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғыны "Жетісу ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталғаннан кейін әкімдік басшылары ауыса ма?" деп сұрады. 

Ақпан айында Алматының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары 14 млн теңге пара алғаны үшін 6 жылға сотталған болатын.

Әкімнің орынбасары заңға сәйкес жауапқа тартылды, ал қалған барлық мәселелер "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес шешілетін болады, - деді қала әкімі.

Алматылық бұл сұрақтарды кім шешіп жатқанын сұрады. Оған қала әкімі "мен шешемін" деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары