$ 441.66  475.14  4.86

Ақтау мектептерінде 180 млн теңгеге жарамсыз турникеттер сатып алынған

Бірқатар білім беру ұйымында бастауыш сыныптарға арналған тегін тамақтану мәзірінің заңнама талаптарына сәйкес еместігі анықталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысы прокурорының төрағалығымен орта білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алқа отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Тексеру нәтижесінде 40 мыңнан астам оқушы мен мұғалімдердің құқықтары, оның ішінде 5 мыңнан астам адамның конституциялық құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, 50-ден астам заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізіліп, 185 тұлға әр түрлі жауаптылыққа тартылды.

Атап айтқанда, тексерулер барысында халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бұзушылықтар анықталып, СЭС қорытындысын беру кезінде заңнама талаптарын сақтамау, жалған медициналық кітапшаларды пайдалану фактілері анықталды.

Бірқатар білім беру ұйымында бастауыш сыныптарға арналған тегін тамақтану мәзірінің заңнама талаптарына сәйкес еместігі анықталды.

«Мемлекеттік сатып алу саласында Ақтау қаласының 22 білім беру ұйымында бір көзден жалпы сомасы 180 млн теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін турникеттер сатып алынды.

Сонымен бірге мектептерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қауіпсіздікті ұйымдастыру және медициналық пункттердің жұмысы саласындағы заңдылықты заңбұзушылықтар анықталды», - делінген хабарламада.

Алқа отырысында оқушылардың қауіпсіздігін арттыруға, білім сапасы мен балалардың құқықтарын қорғауға басымдық беру туралы шешім қабылданып, осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары