Зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті.
Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.
Бүгін Алматы облысында 3 жасар егіздер мен 9 жасар қызды зорлау фактісіне қатысты іс бойынша соңғы сот отырысы өтті. Ер адам өмір бойына, оның әйелі (3 жасар қыздың әжесі және 9 жасар қыздың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген жазбада.
Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру мәселесі бойынша облыс прокуратурасына қатысты қылмыстық жауаптылықтан жалтару, қызметте немқұрайлылық, әрекетсіздік және т.б. фактілермен қылмыстық іс қозғалған.