$ 442.05  474.14  4.74

«Енді үнсіз қалсақ деп отырмыз»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі желіде жазба жариялады

Назым Қаһарман сол күні күш те, билік те Бишімбаевтың қолында болғанын айтты.

Фото: instagram.com/nazymkakharman
Фото: instagram.com/nazymkakharman

Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман желіде жазба жариялап, сотқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Салтанат Нүкенованың жақындарына сабыр тіледі.

Сот басталды. Біз де оны қадағалап отырмыз. Осы күнге дейін сіздермен біраз сөйлесіп, бірқатар сұраққа жауап бердім. Алайда енді біз үнсіз қалсақ деп отырмыз. Әлі сырласып үлгереміз. Уәде беремін. Салтанаттың туғандары мен жақындарына күш-қуат пен сабырлық тілегім келіп тұр. Қазір олар үшін қиын кезең. Сол қорқынышты күнді қайта еске алу оңай емес, - деп жазды ол.

Сонымен қатар Назым Қаһарман сол күні күш те, билік те Бишімбаевтың қолында болғанын айтты.

Әйелдер мен балаларға зорлық көрсетіп, адамның өмірін алуға жол жоқ. Қандай себеп болмасын, құрбанды кінәлауға болмайды. Сол күні билік те, күш те соның қолында еді. Демек таңдау мен жауапкершілік те соның мойнында, - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары