29.03.2024, 21:30

Аида Балаеваның атынан төлемдер тағайындау туралы фейк ақпарат тараған

Фото: stopfake.kz

Ақпараттың фейк екені stopfake.kz сайтында жазылды.

Әлеуметтік желілерде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның суретімен жалған жарнама тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Мәтінде Мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлемдер тағайындауды тапсырғаны айтылған.

«Жалған жарнаманы таратушылар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Қандай сома тағайындалғанын білу үшін адам жеке тұлғаның бірегей нөмірін (ЖСН) енгізуге тиіс. Белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаған жөн. Алаяқтар оларды жеке мақсатта пайдаланады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ» — делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі де барлық жаңалықтарды ресми порталдажариялайды. Онда да төлемдер туралы ақпарат болған жоқ.

«Мұндай хабарламаға сенбеген жөн. Бұл алаяқтардың ісі. Бұған дейін Желіде ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық қордыңатынан төленетін төлемдер туралы осындай фейк ақпараттар тараған болатын» — деп жазды stopfake.kz. сайты.