30.03.2024, 11:30

ТЖМ 6 өңірде тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желіні» іске қосты

Фото: ТЖМ

«Жедел желіге» тұрғындар психологиялық және ақпараттық қолдау алу үшін, сондай-ақ төтенше жағдай орын алып, көмек қажет болғанда хабарласа алады.

Су тасқынына байланысты елдегі ахуалдың өршіп кетуіне орай Төтенше жағдайлар министрлігі тәулік бойы жұммыс істейтін жедел желі телефондарын іске қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жедел желіге» тұрғындар психологиялық және ақпараттық қолдау алу үшін, сондай-ақ төтенше жағдай орын алып, көмек қажет болғанда хабарласа алады.

ТЖМ «жедел желі» телефондары еліміздің 6 өңірінде тәулік бойы  жұмыс істейді:

- ДЖБО Астана қ.: 8 (7172) 704-114

- Ақтөбе облысы ТЖД: 8 (7132) 548-657

- БҚО ТЖД: 8 (7112) 554-088

- Қостанай облысы ТЖД: 8 (7142) 501-960

- Ақмола облысы ТЖД: 8 (7162) 551-484

- Қызылорда облысы ТЖД: 8 (7242) 244-161.