Ораз Тәуірбековтың мәлімдеуінше, Теміртау қаласының бір бөлігі сусыз қалды.
Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков қалада төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ораз Тәуірбековтың мәлімдеуінше, Теміртау қаласының бір бөлігі сусыз қалды.
"Кеше оң жағалау тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты бұл аймаққа ауызсу беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық.
Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның аясында ауызсумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін қажет шараларды қабылдаймыз", - деді қала әкімі.