$ 495.2  522.34  4.94

«Шайтанның қызметшілері»: Зина жасаған әйелдерге таспен ұру жазасы қолданылмақ

Осыған байланысты Ауғанстандағы «Әйелдердің үміт айнасы» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Сафия Арефи пікір білдірді.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ауғанстанда зина жасағаны үшін әйелдерді жаппай дүре соғу және таспен ұру әдістері қайтадан қолданысқа енгізілмек. Бұл туралы «Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахунзада мәлімеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

The Guardian басылымының жазуынша, «Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы мұндай әдісті әйел құқығының бұзылуы деп санайтындарды «шайтанның қызметшілері» деп есептейді.

«Әйелдерді (қиянаты үшін) қамшымен сабап, таспен ұрамыз. Сіз мұны әйелдер құқығын бұзу деп атай алуыңыз мүмкін, өйткені бұл сіздің демократиялық принциптеріңізге қайшы келеді, - деді Ахунзада.

Осыған байланысты Ауғанстандағы «Әйелдердің үміт айнасы» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Сафия Арефи пікір білдірді.

«Қазір ауған әйелдерін құтқаратын ешкім жоқ. Халықаралық қоғамдастық әйелдер құқығының бұзылуына үнсіз қарап тұру жолын таңдады. Бұл мәлімдеме ауған әйелдерін 1990 жылдардағы Талибан билігінің ең зұлмат күндеріне қайтарады, - деді Арефи.

Бұл ретте, құқық қорғаушылар елдегі 14 миллион қыз-келіншектің құқығы толықтай жойылды деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары