Пияз бен нан ғана жеп отырмыз деген Ауғанстан қазақтары өздерін тезірек бұл елден алып кетуді сұрайды. Бір күндік ақшамыз тек 4 килограмм ұнға ғана жетеді деген қандастар өмір сүру тым қиындап кеткенін айтып видео жолдады. Жығылғанға жұдырық болып, азық-түлік бағасы да шарықтап кеткен.