Жауын-шашын, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр, Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде қар жауады.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағында 31 наурызда ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады (жауын-шашын, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр). Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде қар жауады. Алматы және Жетісу облыстарында мол жауын-шашын күтіледі. Қазақстан Республикасында тұман, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ күтіледі, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.