$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда жол ортасына жатып алған әйелді көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған.

Фото: куәгерлер түсірген
Фото: куәгерлер түсірген

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған.

Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.  

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған.

"Ауди" көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады. 

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, - делінген баспасөз хабарламасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары