Сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату (ҚК-нің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша айыпталған Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Отырыста прокурор айыптау актісін оқыды.
Қ.Сатыбалды өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады. Ал, алдын ала тыңдау барысында қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді. Осыған байланысты сот процестік келісімді жасау мәселесін шешу үшін уақыт берді.
Сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді, - делінген Жоғарғыс Соттың хабарламасында.