$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың адвокаттары: Кісі өлтіру әлі дәлелденген жоқ

Адвокат тараптардың өтінішін жауапсыз қалдырды.

Фото: ҚР Жоғарғы соты
Фото: ҚР Жоғарғы соты

Бүгін елордада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда. Сот барысында оның қорғаушылары куәгерге қойылған сауалдарға наразылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кісі өлтірілгеннен кейін", "кісі өлтірілген сәттен бастап" деген сөздер жиі қолданылып жатыр. Кісі өлтіру әлі дәлелденген жоқ. "Өлім күні" немесе "оқиға болған күні" деп айтуға болады, - деді Бишімбаевтың адвокаттары.

Жәбірленушілердің адвокаты Жанна Уразбахова марқұмның ағасы Салтанаттың бұлай айта алатынын жеткізді.

Ағасы ғана емес, адвокат Уразбахова да осылай бірнеше рет айтты. Құрметті сот, осыған байланысты ескерту жасауды сұраймын, – деді Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова.

Нүкеновалардың адвокаттарының бірі “күдікті Бишімбаевтың ісі “Адам өлтіру” бабы бойынша қаралып жатыр. Біз басқа бапқа ауыстырып жатқан жоқпыз, оның бұрын сотталғанын айтып жатқан жоқпыз, сипаттап жатқан жоқпыз. Бапқа сәйкес ғана сұрақ қойып жатырмыз” десті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары