$ 439.43  473.31  4.82

«Ол елге танымал кәсіпкер»: Бишімбаев әйелін қызғанғанын айтты

"Үйлену тойынан кейін ол өзгерді, мүлдем басқа адамға айналды".

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Бұл мәлімдемеге жауап ретінде жәбірленуші тараптың адвокаттары бұл мән-жайлардың кісі өлтіруге еш қатысы жоқ және алқабилердің өлтірілген әйелдің жеке басына қатысты біржақты көзқарасын тудыруы мүмкін деп сотқа жүгінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Үйлену тойынан кейін ол өзгерді, мүлдем басқа адамға айналды. Оның біртүрлі мінез-құлқы пайда болды. Бірнеше күн бойы бір-бірімізбен сөйлеспей, әртүрлі бөлмелерде ұйықтай бастадық. Ол агрессивті бола бастады, мен оны танымай қалдым», - деп жалғастырды сотта Бишімбаев.

Бишімбаевтың айтуынша Салтанат Нүкеновадан ұрыстың себебі неде екенін сұрап бастағанда, оның кеңсесінде Нүкенованың махаббат қарым-қатынаста болған жігіттің фотосы тұрғанын айтты. Ал бұл сурет оның көңіл күйіне әсер етті деді, бұл туралы Нүкенова Бишімбаевқа не айтарын білмеді.

Ол елге танымал кәсіпкер.

Осы сәтте Нүкенованың адвокаттары үшінші адамның атын атауға болмайтынын айтып сотқа шағымданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары