$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда жүріп бара жатқан троллейбус өртеніп кетті (ВИДЕО)

Троллейбус Бостандық ауданы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшесінің қиылысында өртенген.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Бүгін 2 сәуір күні таңертең сағат 08:04–те екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшесінің қиылысында өртенген троллейбусты сөндіруге жіберілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 минутта жеткен сәтте 10 шаршы метр аумақта өртенгені анықталды. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген. Отқа оранған троллейбусті сөндіруге дереу сөндіру үшін көбік оқпандары берілді, көлік құралының конструкцияларын салқындатуға бөлек өрт оқпандары берілді», — делінген хабарламада.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 08:10–да оқшауланып, сағат 08:15–те жойылды. Зардап шеккендер болған жоқ. Жолаушылар троллейбустан шығып үлгірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары