$ 443.37  474.49  4.83

Париж Олимпиадасы – 2024: Бокс федерациясы сыйақы тағайындады

Жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды.

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ, жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

1-орын: 220 000 $

2-орын: 120 000 $

3-орын: 70 000 $

4-орын: 30 000 $

5-орын: 10 000 $

«Ал бас жаттықтырушы мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады, – деді федерация президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары