$ 494.87  520.65  4.91

Әкімдіктер су тасқыны салдарын жоюға қанша қаржы бөлді?

Жалпы 7 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген жоқ.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Әкімдіктер тарапынан су тасқынынан салдарын жоюға 3 млрд теңге бөлген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Төтенше жағдай министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистер Сыздықовтан «Бұған дейін Төтенше жағдай министрлігі су тасқынын ескертуге және оның салдарын жоюға 7 млрд теңге бөлінгені хабарланды. Бұл қаржы қайда жұмсалды?» деп сұрады.

«Жалпы 7 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген жоқ, ол қаржы тек қарастырылған. Мұны сіз дұрыс түсінуіңіз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы биліктің бюджетінде қарастырылған. Бүгінде әкімдіктердің мәліметінше, су тасқынының алдын алуға және оған қарсы күресуге 3 млрд теңгеден аса қаржысы бөлінген», – деді Бауыржан Сыздықов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары