$ 443.37  474.49  4.83

Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды

Атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 2 сәуір күні түскі 12:00 шамасында болған.

«Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болды», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді. 

Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары