03.04.2024, 13:00

«Қыз тағдыры – ойыншық емес!»: Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаев ісіне қатысты ойымен бөлісті

Фото: архив

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын бүкіл халық бақылап отыр.  

Белгілі тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы Instagram  желісіндегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын бүкіл халық бақылап отыр.  

“Жүйкемізді тоздырды. Кешегі сотты көрмеген, “Құдай сақтасын” деп жағасын ұстамаған, өзара талқыламаған саналы ересек адам қалмаған шығар бұл елде… Ішкен-жегеніңді асқазан 3-4 сағатта қорытса, ал бұл істі миымыз сағаттап тұрмақ, күндеп, апталап, айлап қабылдай да, түсінбей де, “қорыта” да алмай келе жатыр. “Пачақ-пачағын” шығарып, толып тұрған дәлелмен екі отырыста-ақ қылмыскер қатаң жазасын алып, сотталатынына сенгендер қатарында мен де бар едім. 4 айдан асты, біз небір сорақылық, небір заңсыздыққа жол берілгенін (Заңгер емеспін, жеке ойым) көріп отырмыз. Алла сабыр бере көр”, – деп жазды журналист.

Танымал тележүргізушінің айтуынша, қылмыскер тиісті жазасын алмаса, қоғамның наразылығын тудыруы мүмкін.

“Қылмыскер біз ойлағандай жазасын алмайтын болса, міне сол кезде жүйкеміз қатты сыр беріп, бар жанайқайымыз шығатын сияқты… Байқайсыздар ма, заң бойынша салқынқанды болу, бейтарап танытып, соттың әділ, соңғы шешімін күтудің өзі қиынға соғып барады. Қыз тағдыры – ойыншық емес!” – деді продюсер.

Бишімбаев ісіне қатысты кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де басталды. Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube арнасынан көре аласыздар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бишімбаевтың адвокаты сотқа БАҚ-қа қатысты арыз түсірді (ВИДЕО)