03.04.2024, 17:40

Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум қашан өтеді?

Фото: ҚазТАГ

Оның айтуынша, АЭС салуға еліміздің әлеуеті жоғары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында «АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді» деген еді. Бірақ референдум әлі өткенде жоқ, оның қай уақытта өтетіні де белгісіз. Ал бүгін  Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдерінің АЭС құрылысына қатысты сұрақтарына жуап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Референдумның өтетін уақыты мен күні, барысы республиканың конституциялық заңы бойынша жүйеленеді. Оған Орталық сайлау комиссиясы жауапты. Оның процесіне, тыңдау мен материалдарды дайындау жұмысына министрлік те атсалысады», - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, АЭС салуға еліміздің әлеуеті жоғары.

«Қазақстанның АЭС құрылысында қауқары жоғары. Елімізде бұл салада арнайы мамандар мен сарапшылар бар. Эксплуатация бағытында да тәжірибеміз бар. Ядролық обьектілердің бұған дейін де, қазір де тәжірибесі жеткілікті. Ядролық физика орталықтары бар», - деді Алмасадам Сәтқалиев.