03.04.2024, 19:20

Сотта Бишімбаевтың Салтанатты тепкілеп, шашынан жұлған видеосы көрсетілді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

 Ол Салтанатты бірнеше рет қатты ұрады, тебеді және оны шашынан сүйрейді.

Астанада «әйелін аса қатыгездікпен қинап өлтірді» деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Прокуратураның бастамасымен сот материалдарының видеосы қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл кадрлар көрсетіле бастағанға дейін Салтанат Нүкенованың ағасы залдан шығып кетті.

Сот барысында прокурорлар сот материалдарының видеосын көрсетті.

 Ол Салтанатты бірнеше рет қатты ұрады, тебеді және оны шашынан сүйрейді. Содан кейін оны дәретханаға күштеп апарады.

"Бейнежазбада Бишімбаевтың қандай күшпен соққылар жасап, қайтыс болған адамды шашынан сүйреп апарып жатқаны айқын көрінеді. Ол артқа кетіп, қайтып оралады және тағы бір рет соққы береді. Оның киімсіз екені анық", - деді прокурор.