$ 479.38  531.63  5.27

Петропавлда да төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Ал БҚО-да толықтай төтенше жағдай режимі енгізілді.

Фото: qaz-media.kz
Фото: qaz-media.kz

Петропавл қаласында жеке секторды су басуына байланысты төтенше жағдай жариялау жоспарлануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталындағы Петропавл қаласы әкімі шешімінің жобасында көрсетілген.

Құжат бекітілген жағдайда төтенше жағдай режимі 30 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

«Петропавл қаласы әкімінің «Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімі Абай көшесіндегі кәріз коллекторының құлау салдарын, сондай-ақ жеке секторды су басу салдарын жою мақсатында қабылданады», – делінген шешімнің түсіндірме жазбасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның 20-дан астам өңірінде жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Ал БҚО-да толықтай төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары