$ 494.87  520.65  4.91

Бишімбаевтың экс-әйелі қысым көріп жатқанын мәлімдеді (ФОТО)

Бұл – өте қорқынышты.

Фото: instagram.com/nazymkakharman
Фото: instagram.com/nazymkakharman

Бүгін өткен сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов өзіне жасалған қысым туралы айтқан еді. Оның бұл сөзін Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман қостай жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, бүгін сотта сотталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұраған болатын.

«Ол маған айғақ беруге қатысты «былай деп айт, былай жауап бер» деп қайта-қайта қысым жасап жатыр», - деген.

Енді оған жауап ретінде Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман желіде жазба жариялады.

Фото: instagram.com/nazymkakharman

«Ол тұрмақ (ол жанында, сотта отыр), маған да қысым көрсетуге тырысып жатыр! Бұл –өте қорқынышты. Сот Бақытжанды одан бөлек отырғызады деп сенемін», - деп жазды ол.

Бұдан бөлек ол, бұрынғы күйеуінің сотта айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді.

 «Классика! Бәріне өзі кінәлі, тек қана өзі. Бұл жағымпаз дауысты мен де естігенмін. Мәселе менде екені маған да айтылған еді. Ал өзі мінсіз болмаса да, керемет адам. Ал мен өзім бәріне кінәлімін», - деді Назым Қаһарман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары