$ 443.37  474.49  4.83

«Бишімбаев маған «былай айт» деп қысым көрсетіп жатыр» – Байжанов

Судья бұл мәселенің қарастырылатынын айтты.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Астанада Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысы 3 сәуірде сағат 14.30-дан бастап көрсетілуде. Сот отырысында Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне қысым жасап жатқанын айтты. Ол тіпті судьядан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Маған былай айт, былай деп жауап бер» деп қысым көрсетіп отыр», - деді Байжанов.

Ал оның қорғаушысы «Бишімбаев пен Байжанов сөз таластырып қалды. Бишімбаевтың Байжановқа сөйлейтін мүмкіндігі болмайтындай етіп, оларды бөлек отырғызуға бола ма?», деп сұрады.

Судья бұл мәселенің қарастырылатынын айтты.

Еске салсақ, Бақытжан Байжановқа Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасыруға көмектесті деген айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары