Қаржы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен атқарылмаған іс үшін аударылған.
Тараз қаласының әкімдігі орындалмаған 4 сметалық құжаттама үшін еш негізсіз 75 миллион теңгені мердігерге аударған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижелерімен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады.
Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді.
Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.
Тергеу амалдары жүргізілуде, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.